Жарияланды: 330

Ірі мөлшерде есірткі өткізген ұлтаралық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды

Ақтөбе облысында ірі мөлшерде героин өткізгені үшін ұлтаралық қылмыстық топтың екі мүшесі мен алты жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлімдеді. Олар сату мақсатында 748 грамм героинді алып өтпек болған, деп Н.Ораз бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті. Ұсталғандардың ісі ҰҚК-нің Ақтөбе облыстық қауіпсіздік департаментіне берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін