Ірі және ұсақ мал сатып алуға 5% несие: Не білу керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ірі және ұсақ мал сатып алуға 5% несие: Не білу керек?

Ірі және ұсақ мал сатып алуға 5% несие: Не білу керек?

Мал шаруашылығымен айналысатын қазақстандықтарға жеңілдетілген несие беріледі. Енді іске асатын бағдарламаны Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түсіндірді

  • 8 Шiлде 2025
  • 11
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өсімдік шаруашылығына «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы 5 пайызбен қаржы берілді. Енді дәл сондай бағдарламаны мал шаруашылығына да енгізуді көздеп отырмыз. Қазір айналымға 5 пайыз мөлшерлемеде кредит беру тетігін қарастырып жатырмыз. Мемлекеттік органдармен келісім жүргізілу үстінде. Бұл жұмыс 5-10 күнде аяқталып қалуға тиіс. Одан соң жобаны өңірлеге жеткіземіз. Кейін жеңілдетілген несие ретінде беріледі, — дейді Сапаров.

Министр қазір несиелеуге қажетті қаржы 50 млрд теңге екенін атап өтті.

Сол көлемде  50 млрд теңге  айналым қаражатын қаржыландыру бағдарламасы да іске қосылады. Жылдық мөлшерлеме 5%-дан аспайды, — дейді Айдарбек Сапаров.