Иркутскіде ТМД-ның Кеден қызметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иркутскіде ТМД-ның Кеден қызметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті

Иркутскіде ТМД-ның Кеден қызметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бейсенбі күні Ресейдің Иркутск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 53-ші отырысы өтті.

  • 10 Маусым 2011
  • 356
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңес жұмысына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украинаның кеден қызметтері мен ТМД Атқарушы комитетінің делегациялары қатысты.

ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы — ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев Достастықтың 20 жылдық тарихына тоқталып, оның басымдықты ықпалдастық бағыттарына назар аударды және Кеден қызметі басшылары кеңесінің осы іске қомақты үлес қосып отырғанын атап көрсетті.

Кеңес барысында Кедендік қызметтердің байланыс жөніндегі бөлімдерінің 2015 жылға дейінгі кезеңдегі өзара іс-қимылдарының тұжырымдамасы талқыланды және Достастықтың салалық көрмесіне «Кеден қызметі» халықаралық көрмесінің мәртебесін беру туралы Ресей тарапының ұсынысына қолдау білдірілді. Басқа да мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ Достастықтың құрылуының 20 жылдығына орай марапаттау рәсімі өтті. ТМД-ның кеден қызметтерінің басшылары «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кедендік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар