Ирландық альпинист Килиманджарода жай түсіп, мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирландық альпинист Килиманджарода жай түсіп, мерт болды

Ирландық альпинист Килиманджарода жай түсіп, мерт болды

Ирландық альпинист және қайырымдылық жасаушы Иэн Маккивер Килиманджароны бағындыру кезінде мерт болды.

  • 4 Қаңтар 2013
  • 305
Фото - Caravan.kz

Оған жай түскенде ол бір топ альпинисті тау шыңына ертіп бара жатқан. Басқа альпинистер де зардап шекті, дегенмен, ауыр жарақаттар алған жоқ, деп хабарлады ВВС.

Өз кезінде Иэн Маккивер аз уақыт ішінде әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырудан рекорд орнатқан болатын. Көз жұмардан аз уақыт бұрын ол нәсілшілдікпен күрес бойынша «Қара және ақ» акциясы аясында Килиманджароға тез шығу уақытын орнатпақ болды. Маккивер екі кітаптың авторы, үшіншісін аяқтап үлгермеді.