Барлығы бес команда қатысқан жарыста «Исатай-Махамбет» қорының командасы жеңімпаз атанып, ауыспалы кубокке ие болды. «Атырау» — екінші, «Жалпақтал» командасы үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ атыраулық Болат Қабдрахиев — үздік шабуылшы, Нұрлан Тояшев («Жалпақтал») — үздік қорғаушы, Гүлнәр Зухарнова («Денсаулық») — үздік байланыстырушы, Ерлан Бірданов («Сұңқар») турнир ақсақалы атанды. Олардың бәрі де ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Исатай-Махамбет» қоры өкілдерінің айтуынша, биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған аталмыш турнир енді дәстүрлі болмақ. Қорды құрудағы мақсат — түрлі мәдени-спорттық шараларды ұйымдастыра отырып, жас ұрпақты отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын орнықтыру. Ең басты меже — Астана мен Орал қалаларында Исатай мен Махамбеттің еңселі ескерткішін орнату.