Жарияланды: 440

ИСЕСКО Астанада аймақтық филиалын ашпақ

ИСЕСКО (Мәдениет, ғылым және білім жөніндегі ислам ұйымы) бас директоры Абдел Азиз Ат-Туэйджри алдағы уақытта Астанада ұйымның аймақтық филиалын ашпақ ниеттері туралы мәлімдеді, деп хабарлады Қазақстанның СІМ.

А.Ат-Туэйджри бұл туралы Мароккодағы Қазақстан елшісі қызметін қоса атқарушы Бахтияр Тасымовпен Рабатта кездесу барысында айтты. Сәрсенбіде СІМ-нен таралған хабарламада атап өтілгендей, кездесу ИСЕСКО атқарушы кеңесінің 32-ші сессиясы шеңберінде өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін