"Іш киімдеріме дейін әкетіңдер": Үкіметке 1,3 миллиард теңге қарызын өтеп жатқан Біртанов қазіргі жағдайы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+35 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Іш киімдеріме дейін әкетіңдер": Үкіметке 1,3 миллиард теңге қарызын өтеп жатқан Біртанов қазіргі жағдайы туралы

"Іш киімдеріме дейін әкетіңдер": Үкіметке 1,3 миллиард теңге қарызын өтеп жатқан Біртанов қазіргі жағдайы туралы

Істі болған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекетке қарызын қалай өтеп жатқанын айтты.

  • 29 Қаңтар
  • 562
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Ne boldy» You Tube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, орынбасары Олжас Әбіш екеуінің кінәсі сотта дәленденбесе де олар үкіметке 1,3 млрд теңге төлеп жатыр.

«Біз қазір Олжас екеуміз 1,3 млрд теңгені бөліп төлеуіміз керек. Сол ақшаны төлеп болған соң босатыламыз. Ол ақшаны екеуміз тең бөліп өтейміз деген қағида жоқ. Менің айлығым көп болса, мен 1 млрд теңгені, Олжас қалған ақшаны төлейді. Бірігіп сол қаражатты денсаулық сақтау министрлігіне қайтаруымыз керек. Біздің мүлкілеріміз де тәркіленді. Алматыда әкем екеуміз 2005 жылы соққан үйіміз бар. Сол үй арестте. Үйді сатып, ақшаны үкіметке төлейміз. Басқа ешқандай дүние де жоқ. Анда-санда үйіңізге барамыз, тінту жүргізіп, теледидарыңызды аламыз деп айтады. Алсаңдар, алыңдар, іш киімдеріме дейін әкетіңдер деп айтамын. Құдайға шүкір оған дейін жеткізген жоқпын. Себебі, заң бойынша біз Қазақстан азаматы ретінде жұмыс істеуге, отбасымызды асырауға құқымыз бар. Бізге мемлекеттік қызметтен басқа жұмыстарды істеуге рұқсат берді. Жұмыс орнымыздан алған жалақымыздың тең жартысын үкіметке төлеп отырмыз. Бірақ, мен санап шықтым. Қазақстанда ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жас екен. Біз сол жасқа дейін мемлекетке қарызды толық қайтару үшін айлық табысымыз 6 миллион теңге болу керек. Үкіметке ай сайын 3 миллион төлесек, 71 жасқа дейін қарыздан құтыламыз. Бірақ, мен бір күні бұл шешімнің 100% жойылатынына сенемін», — дейді экс-министр.