Бұл туралы ол Tik Tok желісіндегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бүгін өзінше іш киім алайын деп мега орталыққа барғанмын. Басыма 140 мың теңгені құртып қайттым. Колготки алдым 10 499 теңге тұрады, кәдімгі жылы шұлық 5 990 теңге, бір данасы. Үйге киетін іш киім 15 990 теңге. Тональный крем бітіп қалыппын оны алмасам тағы да болмайды. Осыдан кейін қарапайым жігітке қарамайсың деп ұрысасыңдар. Іш киіміме 40 мың кетіп жатыр. Қарапайым жігітке қалай қарайсың? Мен киім емес, кәдімгі керек нәрселерді алдым. 140 мың кетті, жеңілдіксіз 170 мың теңге шығу керек", — деді Диана Қырықбай.