Іш киіміне есірткі жасырып, шекарадан өтпек болған қазақстандық ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іш киіміне есірткі жасырып, шекарадан өтпек болған қазақстандық ұсталды

Іш киіміне есірткі жасырып, шекарадан өтпек болған қазақстандық ұсталды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында есірткі затын іш киіміне жасырып өтпек болған қазақстандық ұсталды.

  • 9 Қаңтар 2018
  • 141
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сарыағаш» шекара отрядына қарасты «Жібек жолы авто» өткізу бекетінің кезекшілігі қызметтік иттің көмегімен 24 грамнан астам марихуананы іш киіміне жасырып, ел аумағына алып өтпек болған 32 жастағы қазақстандықты ұстады», — делінеген хабарламада.

Ведомство ақпаратына сәйкес, ОҚО-дағы өзара іс-қимыл жасаушы және құқық қорғау органдарының өкілдері ұсталған азамат жөнінде хабардар.


Соңғы жаңалықтар