Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен аптада ГФР билігі ішек жұқпалы індетінің шығу көзі Испания қиярлары деген мәлімдеме жасады. Алайда сейсенбіде Гамбург денсаулық сақтау мәселесі бойынша сенаторы Корнелия Прюфер-Шторкс зертхана зерттеулерінің жаңа нәтижелерін жария етті. Оған сәйкес, Испания қиярларынан жұқпалы індет қоздырушы бактериялар табылғанымен, олар ауруға шалдыққан пациенттерден табылған бактерияларға сәйкес келмейді. Яғни, жұқпалы дерттің шығу көзі әлі белгісіз.