Ішек инфекциясынан қайтыс болғандардың саны 35 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішек инфекциясынан қайтыс болғандардың саны 35 адамға жетті

Ішек инфекциясынан қайтыс болғандардың саны 35 адамға жетті

Германияда E.coli бактериясы туғызған ішек инфекциясынан тағы төрт адам көз жұмды.

  • 13 Маусым 2011
  • 357
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жексенбі, 13 маусым күні немістің ресми ведомстволары мәлім етті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Сөйтіп, осынау қатерлі инфекциядан көз жұмғандардың саны 35 адамға жетті. Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі еуропалық орталықтың мәліметі бойынша, бүгінгі таңда бұл қауіпті инфекцияны 3256 адам жұқтырған, 812 адамның науқасы ауыр.

Неміс медиктерінің айтуынша, індеттен қайтыс болғандардың қатары әлі де көбейюі мүмкін. Дегенмен, инфекцияны жұқтырудың жаңа оқиғалары саябырсып келеді. Тағы бір ақпараттар бойынша, Германияда бұл ауру сауығып шыққан 100 адамның бүйрек қызметін бұзған, оның салдары ұзаққа созылуы ықтимал, дейді мамандар.

Мамандардың пайымдауынша, инфекцияның ошағы Төменгі Саксонияның фермаларының бірінде өсетін бұршақ тұқымды дақылдардан тарап отыр.

Соңғы жаңалықтар