Ішек жұқпалы індетінің құрбандар саны 18 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішек жұқпалы індетінің құрбандар саны 18 адамға жетті

Ішек жұқпалы індетінің құрбандар саны 18 адамға жетті

Өткен аптадан бері Германияны дүрліктірген ішек жұқпалы дертінен бейсенбіге қараған түні тағы бір әйел көз жұмды.

  • 3 Маусым 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

Осымен еуропалық қауіпті індеттен қаза болғандардың саны 18 адамға жетті, деп жазады Утро.ru.

Бұған дейін Швецияда аталмыш аурудан тағы бір адам қайтыс болғаны жөнінде хабарланған болатын. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Германияда осы дертке шалдыққандардың саны 2 мыңнан асады.

Жұқпалы індеттің қоздырғышы Escherichia coli энтерогеморрагикалық бактериясы (ішек таяқшасы). Бұл бактериялардың көбісі негізінен зиянсыз, дегенмен кейбірі, мәселен, энтерогеморрагикалық ішек таяқшалары сынды түрлері (EHEC), ішек құрылысының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Дерттің алғашқы белгілері Германияның солтүстік өңірлерінде тіркелген болатын.

Соңғы жаңалықтар