Іші түрлі естелік заттарға толы шабадан Павлодарға да жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іші түрлі естелік заттарға толы шабадан Павлодарға да жетті

Іші түрлі естелік заттарға толы шабадан Павлодарға да жетті

Ерекше шабадан Павлодарға да жетті. Әлемнің өзге елдерін аралаған сандықтың іші түрлі естелік заттарға толы.

  • 19 Қыркүйек 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz

Аталмыш жобаның авторы 21 жастағы ресейлік Анна Вершинина. Әлем қалаларын аралаған жүк Павлодарда бір күн кідірмек. Ары қарай Финляндияға жол тартып, сол елді бейнелейтін жәдігерлер ішіне салынады. Әр халықтың мәдениетін сипаттайтын заттар аукцион арқылы саудаланып, жиналған қаржы қайырымдылық шараларға жұмсамақ. Қазақстанға алғаш келген шабаданға керекуліктер «Құрбан айт» кітабы мен тақия салды.

Анна Вершинина, жоба авторы (Ресей):  

— Идея  құрбыммен сөйлесіп отырғанда аяқ астынан туындады. Ресейде басталған жобаның арқасында, міне, Қазақстанға да келдік. Біз жағдайы мүшкіл жандарға осылайша қол ұшын созбақпыз. 

Соңғы жаңалықтар