І-ші жартыжылдықта Алматы облысында жемқорлыққа байланысты қылмыстардың ашылуы 15%-ға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
І-ші жартыжылдықта Алматы облысында жемқорлыққа байланысты қылмыстардың ашылуы 15%-ға артты

І-ші жартыжылдықта Алматы облысында жемқорлыққа байланысты қылмыстардың ашылуы 15%-ға артты

І-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша Алматы облысында жемқорлыққа байланысты қылмыстардың ашылуы 15%-ға артты, деп экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастық орынбасары Айдар Балтағұлов мәлім етті.

  • 13 Шiлде 2011
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Егер былтыр осындай аралықта жемқорлық сипаттағы 84 қылмыс ашылса, 2011 жылғы 6 айда олардың саны 97 фактіге дейін жетті. Бірақ ол жемқорлық қылмыс жиі жасалатындығын көрсетпейді. Бұл осындай түрдегі қылмыстардың ашылу деңгейінің артуымен түсіндіріледі», — деп сәрсенбі күні Балтағұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, қылмыстық ең көп таралған түрі — пара алушылық. Жартыжылдықта жасалған жалпы қылмыстың ішінде олардың үлесі — 44 факті.

«Бүгінге жемқорлық қылмыспен үкіметке келтірілген шығын 707,7 млн теңге. Оның 2,4 млн теңгесі еркімен қайтарылды», — деді А. Балтағұлов.

Департамент маманының айтуынша, «Талдықорғанмемсараптама» ББ директор орынбасары М. Нүкебаев 3 жылға сотталды. Іс материалдары бойынша ол құрылыс нысанының жобалық-сметалық құжаттарын сараптамадан өткізу уақытын қысқартатыны үшін жеке тұлғадан $900 пара сұраған.

Сондай-ақ сот үкімімен Талғардың медико-әлеуметтік сараптама бөлімінің бастығы М. Әділбекова 3 жылға сотталды. Ол 2-ші дәрежелі мүгедектен мүгедектігін растайтын анықтама беру үшін 500 доллар пара алған.

Одан басқа, «Эндо-Сервис» ЖШС дирекоры Кәкімбекова 5 жылға сотталды. Ол Достық стансасының ауруханасына 5,6 млн теңгелік қажет жабдықтардың орнына Германиядан 1,3 млн теңгеге алған жұмыс істемейтін жабдықты қойған. Кейін мамандар анықтағандай, бұл жабдық жаңа туылған нәрестелердің өкпесіне зиян тигізуі мүмкін екен.

Тергеу амалдары барысында ЖШС директоры ауруханаға келтірген материалдық шығынның орны толтырылып, сол қаражатқа басқа жабдық сатып алынды, деп департамент баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар