«Ескелді аудандық соты Алматы облысы Қаратал ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Ол ұрлау мақсатынсыз экскаваторды заңсыз мініп кеткен. Сот Р. Қуат таныстарымен ішімдік ішіп отырып, тағы да арақ сатып алып келу үшін «ПМК 105» ЖШС аумағындағы КАС-580Т экскаваторын мініп дүкенге барғандығын анықтады. Оны жолда полиция қызметкерлері ұстаған», — деп мәлімдеді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Р.Қуат ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Қылмыстық іс сотталушының татуласуына және келтірілген шығынды реттеуіне байланысты тоқтатылды.