Ол алғаш рет қаламгердің жеке өмірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Дана Нұржігіт өз ойын желідегі парақшасында жеткізді.
«Ұйқым қашты… Роза апай, мынау 5 жыл бұрын өзіңізге арналған “Дара жол”еді. Себепсізден себепсіз сүйген адамыңызды құшақтап оның “не болды?” деген жұмсақ үнін естіп, оған жауап таппай, тамсанып, жүрегіңіз қолқаңызға тығылғаннан “аһһһ”деп шалқая кетіп, ішіңіз бақыт пен қимастыққа толып отырғанын көрдім.
Сіз ештеңе айтпай, сол “аһһһ”дегеніңізбен-ақ ағыңыздан жарылып, бәрін айттыңыз! Қимастық…
Біз сіздерге ризамыз, Роза апай,Әкім аға! Сіздер қос суреткердің бір бірінің жеке дара талантын құрметтеудің, шын сүйіп, өмір бақи сол сезімге адал болудың, мәнді-мазмұнды ғұмыр кешудің үлгісін көрсетіп кеттіңіздер! Шын өмір-бір рухани кеңістікте бірге тыныстау, қу тіршілікте қалғып-мүлгіп емес, қалықтап ұшып, сол биіктен өмірдің түрлі құбылыстарына, адам тағдырларына баға беру,қоғамға ой салу деген миссиямен өмір сүрдіңіздер.
Рақмет сіздерге! Роза апай, мен Сізді жақсы көрем, дәл қазір сол 1992 жылы өзіңізге еркеліп, хатын “шофер” деп жолдаған Әкім ағаны жоқтап, ”аһһ”ұрған жүрегіңізден айналдым! Сіз ең бірінші кезекте бақытты әйелсіз! Сіздің жүрегіңізге махаббат ұя салған. Ал махаббат мәңгі. Құшақтадым, апай! Бекем болыңыз!», — деп жазды тележүргізуші.