"Ішіпті дейді, неге ішпеуі керек? Өз еркі ғой": Танымал журналист басы бәлеге қалған Мақпал Жүнісоваға қатысты тағы бір шындықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ішіпті дейді, неге ішпеуі керек? Өз еркі ғой": Танымал журналист басы бәлеге қалған Мақпал Жүнісоваға қатысты тағы бір шындықтың бетін ашты

"Ішіпті дейді, неге ішпеуі керек? Өз еркі ғой": Танымал журналист басы бәлеге қалған Мақпал Жүнісоваға қатысты тағы бір шындықтың бетін ашты

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова кешелі бері желіге түрлі видео жүктеп, елдің қызу талқысына түсіп жатыр.

  • 10 Қыркүйек
  • 472
Фото - Caravan.kz

Көпшілік әншінің өмірі мен оның желідегі айтқан сөздеріне алаңдап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Естеріңізде болса, Мақпал Жүнісова кешелі бері желіде түрлі видео салып, елді шулатқан болатын. Көпшілік оны мас күйде видео жолдады деп болжауда.

Десе де, бүгінде әншіге қолдау көрсетіп жатқан жандар да табылып жатыр. Олардың қатарында танымал журналистер де бар. Олар өз пікірлерін желіде қалдырған.

«Ол кісіні сөккендерге таңғаламын… Мақпал сияқты бола алмағаны үшін өмірге өкпелі адамдардың әрекеті сияқты сезіледі өзіме… Мақпал Жүнісованы әнші емес дегендердің құлағы керең не талғамдарында проблема бар…

Мақпал ханымның өжеттілігіне ризамын өзім. Өмірдің небір қиянаты мен қыспағына шыдап келе жатыр… өмірі өз аузымен айта алмайтын ішінде өліп бара жатқан сұмдық пен шындығы бар…

Өсек пен жала кімді болсын қажытады… жүрегі нәзік әйел затына ол тіпті ауыр тиіп жатады…

Күйеуіңді атып кетіп, өлімін сенен көреді…
Өнер жолыңдағы есіктер тарс жабылады…
Сұлу, өнерлі, қылықты әйелдің қырықта жесір қалу қасіретін айтуда қиын…
Басқан ізің аңдулы, бір ағат адым жасасаң бүкіл халық назарындасың…
Мақпал ханымның қызық пен қасіретке толы тағдырының бізге мәлім сырларының өзі адамды мұңайтпай қоймайды… ал Мақпал ханымның ішінде не болып жатқанын айтпақ түгілі, елестету қиын… бізге беймәлім сырлары қаншама… айта алатыны бар, айта алмайтыны бар…

Бір адамның осынша жүкті арқалап алып, тағдыр жолында мойынсұнбай арпалысып келе жатқанын көріп басыңды қалай ғана имейсің…Ішіпті дейді… неге ішпеуі керек? Өз еркі ғой… Мақпал ханым іше түсіңіз… сізге ұзақ ғұмыр тілеймін… шеріңіз тарқасын…», — деп жазды журналист Серік Хасанов.