Ішкі әскердің әскери-әкімшілік жүйесі жетілдіріледі - Мәжіліс
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігнің Ішкі әскерлері туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. |
Мәжіліс мақұлдаған құжат Парламент Сенатына жолданады.
Аталған құжаттың мақсаты ҚР Қарулы Күштерінің ұйымдық құрылымына ұқсас Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекаралары шегінде өңірлік қолбасшылықтар құру және өңірлік қолбасшылық басшысының өкілеттіктерін заңнамалық тұрғыда айқындау арқылы Ішкі әскерлердің әскери-әкімшілік жүйесін жетілдіру болып табылады.
«Заң жобасын жүзеге асыру барысында әскери басқару органдарының саны оңтайландырылады. Сол бойынша қазіргі жалпы саны 578 бірлікті құрайтын 8 бригадалық басқарма қайта құрылымдалып, 4 өңірлік қолбасшылыққа ауыстырылады, онда 340 бірлік қалады. Босатылған 238 бірлік бағынышты әскери бөлімшелерге қарай бөлінетін болады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін