Ішкі істер министрі Баян Есентаеваның оқиғасына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер министрі Баян Есентаеваның оқиғасына  қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрі Баян Есентаеваның оқиғасына қатысты пікір білдірді

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ауыр соққыға жығылған  Баян Есентаеваға қатысты істің қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды.

  • 14 Маусым 2016
  • 820
Фото - Caravan.kz

"Сот күдіктіні екі айға қамауға алу туралы санкция берді, біз істі кісі өлтіруге әрекеттену бабына қайта өзгерттік. Қалғанын сотта білесіздер", — деп қысқа қайырды Қасымов.

Ол Баян Есентаеваның ауруханадағы суретінің әлеуметтік желілерде таралып кетуіне қатысты сұраққа да жауап берді. "Бұл әрине келеңсіз оқиға, соңына дейін тексереміз", — деді ол.

Еске салсақ, белгілі продюсер Баян Есентаева  ауыр пышақ жарақатымен Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген еді. Күдікті ретінде оның күйеуі — Бақытбек Есентаев ұсталды. Ал кеше ол соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды.