Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың Үкімет сағатында жасаған баяндамасы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың Үкімет сағатында жасаған баяндамасы

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың Үкімет сағатында жасаған баяндамасы

Ішкі істер органының 244 қызметкері жемқорлық фактісімен ұсталды.

  • 19 Қараша 2012
  • 1200
Фото - Caravan.kz

Жыл басынан бері ішкі істер органының 244 қызметкері жемқорлық фактісімен қолға түсті. «Ішкі істер органдарындағы негізгі қызметтің кәсіби ядросы ішінара өзгеріске ұшырады. Криминалды полиция, тергеу және учаскелік полиция арасындағы қызметкерлердің 60 пайыздан астамында 5 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әрине, біз бір ғана кәсібиліктің жеткілісіз екенін түсінеміз. Ең бастысы, полиция қатарында адал, шыншыл азаматтардың болғаны керек. Біз осы төңіректегі проблемамен күресіп, өз қатарымызды жемқорлардан тазартудамыз», — деді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, тек биылдың өзінде 542 қызметкер жағымсыз сипаттарға орай жұмыстан босаған. «Қызметкерлермен 244 сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалғаны анықталды. Оның ішінде 86 факті пара алуға байланысты орын алып, 29-ы сотты болды. Қоғам тарапынан полицияның қатаң сыналуын әділ сын деп санаймыз. Әр сыннан тиісті қорытынды шығаруға ұмтыламыз», — деді Қ. Қасымов.

Ішкі істер органының 10 мың 700 қызметкері қызметіне лайықты емес деп танылды

Ішкі істер министрігінің жеке құрамында биылғы еліміздегі кезектен тыс аттестаттау жұмыстары аяқталды.

73 мыңнан астам қызметкер аттестаттаудан өтті. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай айтты.

«Оның ішінде 2 мыңға тарта ішкі істер қызметкері аттестаттаудан бас тартып, ішкі істер органынан жұмыстан шығып кетті. Ал шараның нәтижесінде 10 мың 700 адам өздерінің атқаратын қызметіне лайықты емес деп танылды. Оның ішінде 3 мың 900-і жұмыстан шығарылса, 2 мың 700 қызметкердің лауазымы төмендетілді», — деді Қалмұханбет Қасымов.

Сонымен қатар, ведомство басшысы кадрлармен жұмыста көптеген кемшіліктер мен олқылықтар орын алғанын да атап өтті. «Бұл біздің тарапымыздан шешілуге тиісті ең қиын міндеттің бірі шығар. Әлі де кадрлардың жұмыстан кетуі бәсеңдеген жоқ. Мәселен, биыл ішкі істер органдарына 5 мың 800 адам қызметке алынса, есесіне 9 мың 400 адам жұмыстан шықты», — деді ол.

Елімізде жасалатын қылмыстың 70 пайызы ұрлықпен байланысты.

Министрдің айтуынша, биылғы жылы ұрлыққа қатысты көрсеткіш 59 пайызға өсіп отыр. Оның ішінде әрбір төртінші ұрлық пен әрбір екінші ұрлау қылмысы ұялы телефонға қатысты орын алған.

«Дегенмен елімізде жасалатын аса ауыр қылмыстар көрсеткіші біршама азайып келеді. Мәселен, осындай ерекше ауыр қылмыстар көрсеткіші 18 пайызға төмендесе, оның ішінде кісі өлтіру 10 пайызға, денсаулыққа аса ірі жарақат салу 3 пайызға, қарақшылық шабуыл 4 пайызға кеміді»,-деді Қ. Қасымов.

Министрдің сөзіне қарағанда, тергеу жұмыстарына сотқа дейінгі өндірістің жеңілдетілген түрі енгізілген. Осыған орай бұндай форма бойынша сотқа 13 мыңнан астам қылмыстық іс жолданса, оның ішінде 445-і — аса ауыр қылмыстар.

Қазақстанда 6 «Заңдағы ұрының» жолы кесілді. Олардың біреуі сотталса, қалғаны елімізден қуылды.

«Бандитизм, ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша жыл басынан бері 36 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс әлемінің 55-ге тарта серкелері құрықталып, ұйымдасқан қылмыстық топтың 230 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардан ірі көлемдегі қару-жарақ пен есіркілер тәркіленді. Сондай-ақ 6 «заңдағы ұрының» жолы кесіліп, біреуі сотталса, қалғаны елімізден аластатылды»,-деді министр.

Оның айтуынша, осындай көрсеткіштің өзі еліміздегі, республика өңірлеріндегі криминогендік жағдайдың біршама жақсаруына өз әсерін тигізген.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарындағы 7 лаңкестік топтың жолы кесілді.

«Экстремистік сипаттағы қылмыстар бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 7 террористік топтың жолы кесілді. Сондай-ақ экстремистік сипаттағы топтың 18 мүшесі құрықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл бағытта Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жұмысты жалғастырып жатырмыз»,-деді министр Қ. Қасымов.

Елімізде заңсыз айналымнан 23 тонна есірткі алынды.

Министрдің айтуынша, есірткіге қарсы күресте Қазақстанда екі басты проблема бар. Оның бірі ауған героинінің транзиттері болса, екіншісі Шу алқабындағы база болып табылады.

«Полиция елдің ішкі жағындағы есірткімен күреске баса назар аударып келеді. Мұның бір айғағы, биыл елімізде 3 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде есірткі сатудың 1900 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 23 тонна есірткі алынды. Оның 107 келісі героин»,-деді Қ. Қасымов.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, жыл басынан бері 16 арнайы операция жүргізілген. Соның нәтижесінде есірткі қылмысын жүзеге асырудың 60 оқиғасы бойынша 9 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған. Осы топтардан 800 келі есірткі, оның ішінде 32 келі героин тәркіленген.

Биыл Қазақстанға 960 мыңға жуық шетелдік келді

«Ал көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке 8 мың 700 шетелдік тартылды. Оның ішінде 2,5 мыңы ел аумағынан шығарылды. Бұдан бөлек, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісіне орай жыл басынан бері 23 қылмыстық іс қозғалды. 1,5 мыңға тарта шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілері анықталды», — дейді Қалмұханбет Қасымов.

Сонымен қатар, ведомство басшысы бүгінгі таңда жеке тұлғаларда жұмыс істейтін мигранттар үшін Ресей тәжірибесіне негізделген «еңбекші патенті» жүйесін енгізу қарастырылып жатқанын жеткізді.

Еліміздің жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Жыл басынан бері 11 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 2 400 адам қаза болып, 13 мың 700 адам жарақат алған.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жыл басынан бері жолдарда 1 млн. 600 мыңға тарта жол ережелерін бұзу анықталған. «Автокөлікті мас күйінде басқарған 39 мың адам ұсталды. Соттар арқылы 31 мың жүргізуші жүргізу құқығынан айырылды. 4,5 мыңнан астамы әкімшілік қамауға алынды», — дейді министр Қ. Қасымов.

Оның сөзіне қарағанда, келер жылдан бастап автокөліктерді тіркеу қызметтері, жүргізуші куәліктерін беру Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асатын болады. Бұндай орталықтың алғашқылары Қарағанды, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында ашылмақ.


Елімізде учаскелік полиция қызметкерлері жетіспейді

«Полицияның учаскелік инспекторы — бұл қылмыстың алдын алудағы басты тұлға. Учаскелік полицеймен көп нәрсе атқарылады. Олардың қатысуымен жүздеген қылмыстар ашылып, көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтарға тосқауылдар қойылады. Дегенмен, осы қызметтің әлеуеті әлі де толық игеріліп жатқан жоқ», — дейді Қ. Қасымов.

Оның айтуына қарағанда, учаскелік полицейлердің сотталушылармен профилактикалық жұмыстарын әлі де тиімді ету қажет. Жайсыз отбасылардан келетін оқыс оиғалардың алдын алуда да олқылықтар баршылық.

«Бүгінгі таңда учаскелік полицейлер қылмыс жасауға бейім 18 мыңнан астам тұлғамен жұмыс істеп жатыр. Айтайын дегенім, бізде учаскелік полиция қызметкерлері жеткіліксіз. Оны қалыпты деңгейге жеткізу үшін елімізде 733 учаскелік полиция, 2830 олардың көмекшілері қажет. Сонымен қатар, қалалар мен елді мекендерде 385 учаскелік пункттер ашылуы керек», -деді министр.

39 мың адам көлікті мас күйінде басқарған.

Еліміздің жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері 11 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 2 400 адам қаза болып, 13 мың 700 адам жарақат алған.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жыл басынан бері жолдарда 1 млн. 600 мыңға тарта жол ережелерін бұзу анықталған. «Автокөлікті мас күйінде басқарған 39 мың адам ұсталды. Соттар арқылы 31 мың жүргізуші жүргізу құқығынан айырылды. 4,5 мыңнан астамы әкімшілік қамауға алынды», — дейді министр Қ. Қасымов.

Оның сөзіне қарағанда, келер жылдан бастап автокөліктерді тіркеу қызметтері, жүргізуші куәліктерін беру Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асатын болады. Бұндай орталықтың алғашқылары Қарағанды, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында ашылмақ.

Астана қаласының Сарыарқа әкімдігінде ПИК төрағалары мен полиция қызметкерлерінің кездесуі өтті.

Бұл жайында елорданың ресми сайты хабарлап отыр. Қатысушылар алдында Астана қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Ж.Олжабаев пәтер ұрлығының алдын алу жөнінде ұсыныстар айтып, сөз сөйледі.

Оның айтуынша, Астанада жасалатын ұрлықтың басым бөлігі — дүние-мүлікті ұрлау.

«Үлгілі тәртіп орнату үшін біз күш біріктіруміз қажет, — деді Жанболат Олжабаев ПИК төрағалары алдында сөйлеген сөзінде. — Білетін болсаңыздар, сіздің аумақтағы үй иелерінің көпшілігі пәтерлерін жалға беретіндер. Статистикаға сәйкес қылмыстың 80%-ын басқа қаладан келгендер жасайды екен».

Сондай-ақ, полиция полковнигі ПИК төрағаларын күдікті, бөтен адамдар мен пәтерді жалға алушылардың жүріс-тұрыстарына қатысты қырағылық танытып, бірінші қабатқа темір торкөздер орнатып, үйдің шатырына шығатын және жертөлесіне кіретін есіктерге құлып салу керектігін ескертті.

Сонымен қатар, Ж.Олжабаев ұрылардан қорғануда заманауи технологияларды пайдаланып, домофондар мен бейнекамералар орнатудың маңыздылығын атап көрсетті.

Министр түрме салуда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидатын ұсынады.

Елімізде түрме салу аса шығынды іс. Сондықтан да, түрмелерді мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша салу ұсынылады.

«Келер жылдан бастап ішкі істер әскерін оңтайландыруды қолға алатын боламыз. Оларды басқару жүйесі мемлекеттің әскери доктринасына сәйкестендіреді. Бригадалық құрылымнан өңірлік басқару жүйесіне өтуді көздейміз», — дейді ведомство басшысы. Министрдің сөзіне қарағанда, осы бағыттағы заңнамалық өзгерістер Мәжіліске жолданған.

Сонымен қатар, Қалмұханбет Қасымов 2011 жылғы тамыздан бері ішкі істер органына берілген қылмыстық-атқару жүйесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, бұл бағытта да біршама проблемалар қордаланған. «Қазір біртіндеп тәртіпті қолға алып келеміз. Жаңа бақылау қызметін қалыптастырдық. Көптеген ұйымдастырушылық мәселелер қайта қарастырылып жатыр», — деді министр. Бұдан бөлек, ведомство басшысы елдегі түрмелердің басым бөлігі апатты жағдайда екендігіне де назар аудартты. «Түрмелердің басым бөлігі қарапайым санитарлық, техникалық талаптарға жауап бермейді. Пайдалану мерзімдері де озды. Сондықтан да, олардың халықаралық талаптарға сай келуі туралы айтудың өзі артық. Бұнымен қоса, түрме салу өте-мөте шығынды іс. Сондықтан да, түрмелерді мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша салуды ұсынамыз. Бұндай үлгімен түрме салуды Қарағанды облысының әкімімен келісіп жатырмыз», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар