Жарияланды: 390

Ішкі істер министрі Қазақстанда бизнеспен бірлесіп жаңа колониялар салуды ұсынуда

Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жаңа колониялар салу қажеттігін айтады.

«Колония салу қомақты қаржыны қажет етеді. Сондықтан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасы бойынша колония салуға кіріскен жөн. Осылайша колония салу мүмкіндігін Қарағанды облысының әкімдігімен қарастырып жатырмыз», - деп министр бүгін мәжілісте өткен үкімет сағатында атап көрсетті. Қазақстанның түзеу мекемелерінің басым бөлігі ескіріп, қирауға жақын, қарапайым санитарлық нормаларға сай келмейді, оларға 40-80 жыл болған. Халықаралық стандарт талаптарына сай келу туралы айтудың өзі артық, дейді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін