Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың ісін сотқа беруге уақыт қажет екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың ісін сотқа беруге уақыт қажет екенін айтты

Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың ісін сотқа беруге уақыт қажет екенін айтты

 

  • 21 Желтоқсан 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев сенат отырысында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа қашан берілетінін айтты, — деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жақын арада аяқталуға тиіс. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді.

"Сараптама аяқталған соң (іс. – Редакцияның ескертпесі) сотқа жолданады. Барлығы дайын деп айта алмаймын. Барлығы біткен соң, әуелі материалдарды сотқа тапсыру керек. Екі тарапты қарау керек. Бұған уақыт қажет", — деді Марат Қожаев.

2023 жылдың 30 қарашасында мәжіліс алаңында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлады.

4 желтоқсан күні ҚР парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясы аясында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты материал БҰҰ сайтында жарияланғанын айтты.