Ішкі істер министрлігі игерілмеген ақшаға Қытайдан ұшақ сатып алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер министрлігі игерілмеген ақшаға Қытайдан ұшақ сатып алмақ

Ішкі істер министрлігі игерілмеген ақшаға Қытайдан ұшақ сатып алмақ

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Қытайдан ұшақ сатып алады.

  • 12 Желтоқсан 2017
  • 160
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

Бүгін үкімет отырысында осы жылдың 11 айындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындысы талқыланды. ІІМ басшысы ведомствоға бөлінген қаржының толық көлемде игерілетінін жеткізді.

"Бүгінде бюджет қаражатының 94,3 пайызы игерілді. Ал 16 миллиард 65 миллион теңге игерілмей қалды. 15 желтоқсаннан кейін біз Қытайдан ұшақ әкелеміз. Осы қаражатты толық көлемде игеруіміз керек", — деді ішкі істер министрі.

Сондай-ақ, қорғаныс министрі де қаражаттың қалай игерілгені жайлы есеп берді.

"39 миллиард игерілмей қалды. Ол қаражаттардың игерілмей қалуының бірнеше себебі бар. Жыл соңына дейін қалған қаражаттарды игереміз деп ойлаймын. Сонымен қатар, әуе шабуылына қарасты қорғаныс бойынша қаражатты алып жатырмыз, Ресей Федерациясы Сарышаған аумағында нысандарды салып қойды. Барлығын қабылдап жатырмыз. 20 желтоқсанға қарай С300 кешенін қабылдауды жоспарлап отырмыз", — деді қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Премьер-министр үкімет мүшелерінің 11 айдағы қорытындысына оң баға берді.


"Баяндамалардан көріп отырғанымыздай, 11 айдағы қорытынды жаман емес. Жоғары көрсеткіштермен келе жатырмыз. Жылды да осындай көрсеткішпен аяқтау керек. (…) Экономикалық өсімді төрт пайызға арттыру үшін күшімізді салуымыз қажет. Уақыт аз, бірақ баяндамаларға қарағанда мақсаттарымызға жетуге барлық мүмкіндік бар", — деді Сағынтаев әкімдер мен министрлерге.

Соңғы жаңалықтар