Ішкі Істер Министрлігі коллегиясының отырысында айрықша маңызды нысандар мен тәртіп мекемелерін қорғауды ұйымдастыру мәселесі сарапқа салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі Істер Министрлігі коллегиясының отырысында айрықша маңызды нысандар мен тәртіп мекемелерін қорғауды ұйымдастыру мәселесі сарапқа салынды

Ішкі Істер Министрлігі коллегиясының отырысында айрықша маңызды нысандар мен тәртіп мекемелерін қорғауды ұйымдастыру мәселесі сарапқа салынды

Бүгін, 2-шілдеде Астанада ҚР Ішкі Істер Министрлігі коллегиясының отырысы өтіп, онда айрықша маңызды нысандар мен тәртіп мекемелерін қорғауға қатысты ахуал мен оны ұйымдастыру мәселесі сарапқа салынды. Сондай-ақ, Астана қалалық ішкі істер бас басқармасының жедел қызметінің жұмысын кешенді тексеру қорытындысы жарияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 2 Шiлде 2003
  • 666
Фото - Caravan.kz

Қазір айрықша маңызды нысандар мен тәртіп мекемелерін қорғауды полиция емес, мекемелік күзет қызметі жүзеге асыратыны белгілі. Осындай күзет қызметінің жұмысындағы олқылықтарды ескерген коллегия аталмыш нысандарды инженерлік-техникалық нығайту және қауіпсіздік жүйесін жабдықтауға біртұтас талап қоятын нормативтер жобасын әзірлеу жөнінде бастама көтерді.

Айрықша маңызды стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тек ІІМ-нің арнаулы қорғау бөлімдерін жұмылдыру көзделіп отыр.
Сондай-ақ, коллегия мүшелері Астана қалалық ішкі істер бас басқармасының жедел қызметінің жұмысын кешенді тексеру қорытындысын талқылады. Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, Елордасындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге біршама күш жұмсалды. Учаскелік бөлімдер негізінде сынақ жүзінде полиция бөлімшелері құрылып, қылмыстық полицияның құрылымы мен жұмыс тәсілдеріне елеулі өзгерістер енгізілді, бұрынырақ жасалынған қылмыстарды әшкерелеу мақсатымен жедел тергеу топтары құрылды.
Алайда Астана қалалық ІІББ іс-қызметінің сапасы қала мәртебесі мен ҚР ІІМ басшылығының талап деңгейіне сай келмейді деген тұжырым жасалды. Баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, Астана қалалық ІІББ тарапынан есірткі саудасының арналарын айқындау барысы осал деп танылды. Сондай-ақ, Елордасында жасөспірімдер жасайтын қылмыстар саны артып, көші-қон полициясының бөлімшелері тарапынан қала тұрғындарына қызмет көрсету жағдайы жақсармай отыр.
Коллегия отырысына төрағалық жасаған ҚР ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов Астана тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың Конституциялық құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған кешенді әрі жүйелі жұмыстарды одан әрі жетілдіруді тапсырды. Министр жіберілген кемшіліктерді тез арада жойып, Астанада Елордасы мәртебесіне сәйкес темірдей тәртіп орнатуды талап етті.

Соңғы жаңалықтар