Ішкі істер органдары әзірлеген әкімшілік қадағалау туралы материалдардың сапасы ҚР Бас прокуратурасының көңілінен шықпай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер органдары әзірлеген әкімшілік қадағалау туралы материалдардың сапасы ҚР Бас прокуратурасының  көңілінен шықпай отыр

Ішкі істер органдары әзірлеген әкімшілік қадағалау туралы материалдардың сапасы ҚР Бас прокуратурасының көңілінен шықпай отыр

Бүгін, 16-наурызда ҚР Бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың төрағалық етуімен кезекті алқа мәжілісі болып өтті. Онда әкімшілік қадағалау тәртіптерін өрескел бұзуға қатысты істер бойынша сот-тергеу органдарының тәжірибесі мен прокурорлық қадағалау жағдайы талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Наурыз 2004
  • 791
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, мәселенің өзектілігі артуына осындай істер бойынша біртұтас сот-прокурорлық тәжірибе қалыптастыру, сондай-ақ, әкімшілік қадағалау заңын жетілдіру талаптары түрткі болып отыр.

Ішкі істер органдары әзірлеген әкімшілік қадағалау туралы материалдардың сапасы алқа мүшелерінің сынына ұшырады. Сонымен бірге соттар тарапынан жол берілген «Түзеу мекемелерінен босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» заңның жекелеген баптарын дұрыс қолданбау деректері атап өтілді.
Әкімшілік қадағалау талабы азаматтардың конституциялық құқығына белгілі дәрежеде шектеу қоятындықтан, бұл шектеуді бұзу салдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылу мүмкіндігіне байланысты алқа мәжілісі осы тұрғыдағы прокурорлық қадағалаудың осалдығын, прокуратураның осы бағыттағы құқық қорғаушылық функциясын күшейту қажеттігіне тоқталды .
Сондай-ақ, алқа мәжілісі барысында осы салада белгілі дәрежеде құқықтық қайшылықтар туындап отырғаны айтылды. Бұл өз кезегінде жоғары сот мекемесі тарапынан әкімшілік қадағалау аясына ілігетін адамдар категориясын айқындау, осы саладағы заң бұзу оқиғаларының мән-мазмұны мен сипатын нақтылау тұрғысында нормативтік түсініктеме беру қажеттігін туғызып отыр.
Алқа мәжілісінде беті ашылған заң бұзу көріністерін жоюға қатысты ҚР жоғары сот мен ҚР ішкі істер министрлігіне ұсыныс жолдау туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар