Ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің арасында "Тіл-мемлекет тірегі" деген тақырыпта республикалық конкурс болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің арасында "Тіл-мемлекет тірегі" деген тақырыпта республикалық конкурс болып өтті

Ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің арасында "Тіл-мемлекет тірегі" деген тақырыпта республикалық конкурс болып өтті

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Ішкі істер министрлігінде ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің арасында "Тіл-мемлекет тірегі" деген тақырыпта республикалық конкурс болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 22 Қазан 2008
  • 737
Фото - Caravan.kz

Конкурсқа мемлекеттік тілді меңгеруден жыл сайынғы өткізілетін сайыстың өңірлік конкурстарының жеңімпаздары атанған ІІМ құрылымдық бөліністерінің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, ІІМ оқу орындарының 32 қызметкері қатысты.

Конкурстың мақсаты — ішкі істер органдары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, кәсіби біліктілігін жетілдіру, ішкі істер органдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, аударма мен мемлекеттік тілде дайындалатын іс қағаздарының сапасын арттыру.

Конкурсқа қатысушылар «Жаңа терминдер әлемі», «Үздік құжат немесе ресми құжаттарды аудару», «Еркін аударма», «Ілеспе аударма» атты төрт сайыс бойынша сыннан өтті. Мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен термин сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне аударуда, күнделікті қызметте қолданылатын іс қағаздары үлгілерін орыс тілінен қазақ тіліне аударып, кейбір арнайы мәтіндерге ілеспе аударма жасап, бақтарын сынады.

Барлық ішкі істер органдары бойынша аталған конкурсқа қатысқан 32 қызметкердің қатарында 11 өзге ұлт өкілі де өз бақтарын сынап, мемлекеттік тілді меңгеруден жоғары білім деңгейлерін байқатты. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған қызметкерлер ІІМ-нің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен, бірінші орынды Астана қаласы ІІД Штабының инспекторы Жылқыбаева Гүлмира, екінші орынды-Көліктегі оңтүстік-Шығыс ІІД Алматы-1 стансасындағы желілік ІІБ кадрлар тобының аға инспекторы Шашаев Ерғали иеленсе, үшінші орынды Көліктегі Орталық ІІД Тәрбие және кадр жұмысы Басқармасының аға инспекторы Атабиева Фатима және ҚР ІІМ Қаржымен қамтамасыз ету Департаментінен келген Рысбаева Айсәнім өзара бөлісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар