Жарияланды: 430

Ішкі істер органы қызметкерлерінің аттестаттаудан өтуі көптеген олқылықтарды анықтап берді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 8 сәуірі күнгі «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» туралы Жарлығына сәйкесБатыс Қазақстан облыстық ішкі істер органында үш кезеңнен тұратын аттестация өткізілді.

Кезектен тыс аттестаттаудың бірінші кезеңінде БҚО ІІД басшылық құрамы (яғни, департамент бастығы және оның төрт орынбасары) Қазақстан Президенті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясында өткізілген сынақтан сүрінбей өтті. Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде аттестацияның екінші кезеңі аяқталды. Бұл сынақтан ІІД қызметтерінің бастықтары, қылмыстық атқару мекемелерінің бастықтары, күзет қызметінің, өзіндік қауіпсіздік және есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, әскери іздестіру бөлімі және ішкі істер департаментінің жедел қызмет өкілдері, сол сияқты аудандық ішкі істер бөлімдерінің жедел қызметкерлері өткізілді. Сынаққа аталған басқарма, бөлім және бөлімшелердің 85 қызметкері қатысып, өздерінің білім мен біліктіліктерін сын тезіне салды. Орталық аттестация комиссиясы өткізген сынаққа ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың өзі төрағалық етті. Аттестаттаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша үш полиция қызметкерін жоғары лауазымға ұсынылу көзделсе, 74-і (87%) өз лауазымдарына лайықты деп танылды. Ал, екі қызметкердің өз қызметіне лайықты емес екендігі дәлелденіп, бесеуі (5,8%) басқа қызметке ауыстырылатын болды. Бір қызметкер жұмыстан шығарылды. 9 тамыздан бастап аймақтық аттестациядан өту кезеңі басталды. Комиссияға департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.С.Аймурзин төрағалық жасады. Аттестациялауға ІІД және Орал қалалық ішкі істер басқармасының 2210 қызметкері қатыстырылды. Аттестация қорытындысында 53 қызметкерді резервке қоюға ұсыну, 72 қызметкерөз қызметіне лайықты емес, лауазымынан төмендетілуі,99 қызметкердің өз қызметіне лайықты емес, басқа қызметке ауысуытуралы шешім шығарылды. Және 96 қызметкердің жұмыстан шығарылуға жататыны анықталды. Сынақтан өткендердің ішінде 1821-і өз қызметіне лайықты деп танылды. Сонымен қатар аттестаттау басталғанға дейін 69 полиция қызметкері өз еркімен ішкі істер органдарынан босатылуы жөнінде баянат жазғанын айта кету керек. БҚО ІІД баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, аталған органның қызметкерлерін аттестациялау мемлекетіміздің заңдарын қаншалықты білетіндіктерін компьютер бойынша сынау; дене шынықтыру нормативтері бойынша сыннан өту, әскери және қызметтік дайындықтарын көрсету, психологпен әңгімелесу;Орталық аттестациялау комиссиясымен әңгімелесу сынақтары бойынша өткізілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін