Ішкі істер вице-министрі қызметіне Рашид Жақыпов тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер вице-министрі қызметіне Рашид Жақыпов тағайындалды

Ішкі істер вице-министрі қызметіне Рашид Жақыпов тағайындалды

Ішкі істер вице-министрі қызметіне Рашид Жақыпов тағайындалды.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 589
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жарлыққа елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп бейсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазан айында 55 жасқа толатын полиция генерал-майоры Р.Жақыпов ішкі істер органдарына 1997 жылдың қараша айында келген болатын. Бұған дейін ол прокуратура органдары мен мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет атқарды.

2011 жылы шілде айында Р.Жақыпов ШҚО Ішкі істер департаментінің бастығы қызметіне тағайындалған-ды.