И.Шувалов Байқоңырдың ресейлік бөлігін басқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
И.Шувалов Байқоңырдың ресейлік бөлігін басқарады

И.Шувалов Байқоңырдың ресейлік бөлігін басқарады

Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев «Байқоңыр кешені бойынша ресей-қазақстан үкіметаралық комиссиясы туралы» қаулыға қол қойды.

  • 16 Желтоқсан 2012
  • 358
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы РФ елшілігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

РБК хабарлағандай, үкімет басшысы бірінші вице-премьер Игорь Шуваловты ресейлік комиссияның төрағасы етіп сайлап, орган бөлігінің «мәскеулік» құрамын бекітуді және қазақстандық тараппен бірлесіп комиссия қызметі ұйымының тәртібін анықтауды тапсырды.

Қараша айының ортасында Ресей мен Қазақстан Байқоңырды ресейліктерден алатыны жөнінде ақпарат пайда болды, алайда кейінірек Қазақстан ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, «Мәскеу мен Астана кешен бойынша үкіметаралық комиссияны қайтадан құратындығы» жайлы хабарлады.

Қолданыстағы келісімге сәйкес, Ресей Қазақстаннан Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алады. Кешенді жалға алу құны жылына 115 млн. долларды құрайды, ғарышты пайдалану Мәскеу үшін 5 млрд. рубльді құрайды.