Бұл туралы Adyrna.kz порталына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Прокурор сот барысынды Әбішевке 11 жыл, Түкеевке 8 жыл сұраған.
«Ислам Әбішев ұзақ жылдар бойы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. Кейін Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды. Сондай-ақ ол мемлекеттік марапаттардың да иегері екенін ескеріп бес жылға бас бостандығынан айрылды»,-деді судья.
Сондай-ақ, судья Серік Түкеевтің қазақ күресіне сіңірген еңбегін, спорт саласындағы жетістіктерін ескеріп төрт жылға бас бостандығынан шектелгенін қоса айтты.
Еске салсақ, былтыр 16 наурызда Ислам Әбішев пен «Қазақ күресі дүниежүзілік федерациясы» халықаралық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Серік Түкеев мердігер компаниядан 60 млн теңге пара алуға оқталған деген күдікпен уақытша қамауға алынған. Ал 16 қыркүйекте Бас прокуратура аталған фактіні растап, іс сотқа жолданды.
Бұған дейін, сотталушылардың адвокаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі И.Әбішевтің туыстарына, судьяларға және қорғаушылардың өздеріне қысым көрсетіп, сот нәтижесіне әсер еткісі келетінін айтқан болатын.
Сотқа келушілер бұл үкімге, «әділеттілік жоқ жерде бәрі күйрейді» деп наразылық танытты. Адвокаттар сот үкімімен келіспейтіндерін алға тартып, аппелияцияға беретіндерін айтты.