Осы орайда Президент Ислам конференциясы ұйым аясында инвестициялық, технологиялық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын дайындап, қабылдауды ұсынды. «Сондай -ақ мен халықаралық инновация орталығын құруды ұсынамын. ИКҰ аясында шағын және орта бизнесті қолдау жүйесін құру да тиімді шара болмақ. Бұл ретте біз Ислам даму банкі жанынан шағын және орта бизнеске арналған арнайы қор құруды ұсынамыз», -деді Мемлекет басшысы.