Ислам әлемінің демографиялық өсім әлеуетін тиімді пайдаланып, оны экономиканың ажырамас бөлігіне айналдыру керек - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам әлемінің демографиялық өсім әлеуетін тиімді пайдаланып, оны экономиканың ажырамас бөлігіне айналдыру керек

Ислам әлемінің демографиялық өсім әлеуетін тиімді пайдаланып, оны экономиканың ажырамас бөлігіне айналдыру керек

«Ислам әлемінің демографиялық өсім әлеуетін тиімді пайдалану қажет.

  • 28 Маусым 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz

Бұл үдеріс экономикалық дамудың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс»,- деді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында.

«Халықаралық сарапшылардың болжамдары бойынша 2030 жылы мұсылман әлемінде 2,2 миллиардтан астам адам өмір сүретін болады. Бұл ғалам тұрғындарының 25 пайыздан астамы. Адам санының осыншама көлемде көптігі оларға тиісті білім беруді де талап етеді. Біздің басты міндетіміз, ислам өркениетіне қызмет ететін жаңа идеяларды жүзеге асыра алатын интеллектуалды элитаны тәрбиелеу болып табылады»,-деп атап көрсетті Президент.

Сондай-ақ Елбасы сөзінде орта ғасырда Ислам әлемге математиканың, химияның, астрономияның, медицинаның, сәулеттің, философияның және поэзияның үлкен жаңалықтарын ашқандығын жеткізді. «Бағдат, Александрия сияқты қалалар бүкіл әлемнің интеллектуалды орталықтары болған. Олар ғалымдар мен әдебиетшілердің орталығына айналды. Мұсылмандар көрші елдердің үлкен қызығушылығын тудырған мықты интеллектуалды өркениетті қалыптастырды. Ренессанс кезінде христиан топтары шығыс халықтарының киімдерін киіп, мұсылмандардың философиялық шығармаларын оқыды. Ал араб цифрларының пайда болуы математика, алгебра, геометрия салаларында үлкен сілкініс тудырды. Осындай мықты тарихи негізге сүйене отырып, біз ислам өркениетінің интеллектуалды рөлін жаңғыртуымыз керек», -деді Президент.