Отырыста банк іс-қызметі туралы жылдық есеп талқыланып, банкті одан әрі дамыту мәселесі сарапқа салынады деп күтілуде.
Ислам Даму банкі — Исламды пір тұтатын 54 мемлекеттің өкілдерін құрылтайшылар қатарына қамтыған ірі халықаралық қаржы институты болып саналады.
Банк шариғат қағидаларына бағынады. Ал онда бауырмалдық-қайырымдылық қасиеттерді дамыта отырып өзара сауда-саттықты нығайту қорғалатыны мәлім.
Қазақстан Ислам Даму банкіне 1994-жылы мүшелікке өткен.
Ислам Даму Банкінің тобына банктің тікелей өзімен қатар, ИДБ Инвестициялық қоры, Исламдық банктердің инвестиция және даму жөніндегі Портфелі, Шетелдік инвестициялар мен экспорттық несиені қамсыздандыру жөніндегі Ислам корпорациясы , ИДБ-нің инфрақұрылымдық қоры мен жеке меншік секторды дамыту жөніндегі Исламдық корпорациясы тәрізді институттар қамтылады.