Ислам Даму банкі басқарушылары Кеңесінің жыл сайынғы кезекті отырысы Тегеранда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Даму банкі басқарушылары Кеңесінің жыл сайынғы кезекті отырысы Тегеранда өтеді

Ислам Даму банкі басқарушылары Кеңесінің жыл сайынғы кезекті отырысы Тегеранда өтеді

Ислам Даму банкі басқарушылары Кеңесінің жыл сайынғы кезекті 29-отырысы Тегеранда өтеді. Ислам Даму банкі басқарушылары Кеңесінің Алматыда өткен жыл сайынғы 28-отырысының қорытынды жалпы мәжілісінде бүгін, 3-қыркүйекте осындай шешім қабылданды.

  • 3 Қыркүйек 2003
  • 498
Фото - Caravan.kz

Бұл шешімнің нәтижесінде Иран Ислам республикасы Ислам Даму банкінің басқарушылары Кеңесіне Қазақстаннан кейін төрағалық жасаушы елге айналды.

Ислам Даму банкінің президенті Ахмед Мұхаммед Алидің хабарлауынша, кездесудің нақты мерзімі Иран билеушілерімен тиісті кеңестен кейін белгіленеді.
Ислам даму банкі басқармаларының жыл сайынғы 28-жиналысына дүниежүзінің 54 елінен 500-ден астам өкіл жиналды.
Отырысқа Араб мемлекеттері Даму Қорларының өкілдері (Сауд Арабиясы, Кувейт, Аду-Даби т.б.) , ОПЕК қорының, ислам банктерінің, Ислам елдері кеңесшілері мен мердігерлері федерациясының, ислам елдерінің маңдай алды кәсіпкерлік өкілдері қатысты.
Қазақстан жағынан жиналысқа парламент өкілдері, министрлік және ведомство басшылары, еліміздегі жетекші банктер өкілдері, ҚазақМұнайгаз, Қазпошта, Қазақстан Темір жолы, Эйр Қазақстан, Қазақтелеком тәрізді Ұлттық компаниялар өкілдері мен Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттердің елшілері атсалысты.
Жыл сайынғы жиналыс бағдарламасында көптеген шаралар қарастырылды. Атап айтсақ, кездесу барысында «Ислам Даму банкінің қаржыландыру әдістері», «Ауылшаруашылығындағы биосолендік технологиялар орталығының іс-қызметі» тақырыбында семинарлар ,»Оралық Азиядағы әйелдер ролі», «Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттердің ішкі инвестиция саласындағы өзара ынтымақтастығы» тақырыбындағы симпозиумдар мен Ислам елдерінің кеңесшілері Федерациясының бас қосуы тәрізді шаралар өткізілді. Жиналысқа қатысушыларға арналып кең көлемді мәдени бағдарлама әзірленді.
Ислам Даму банкінің орталық пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Банктің жарғылық қоры 6 миллиард ислам динарына тең. Ислам динары Халықаралық валюта қорының арнаулы несиелендіру құқығының бірлік өлшеміне парапар банктің есептік бірлігі болып табылады.
Бүгінге дейін Ислам даму банкі дүниежүзінің әртүрлі елінде 12,15 млн. ислам динарына тең 2202 операция жүргізді. Олардың барлығы да сауда-саттық немесе арнаулы көмек көрсету операциялары .
Ислам даму банкі көбінесе ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, канал тарту тәрізді агротехникалық және инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды әдетке айналдырған. Несиелер алғашқы 3-5 жылында жеңілдетілген тәртіппен 15-20 жылға беріледі.

Соңғы жаңалықтар