Ислам Даму банкі басқарушыларының Кеңесі ҚР Елбасына ризашылық білдіріп нота жолдамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Даму банкі басқарушыларының Кеңесі ҚР Елбасына ризашылық білдіріп нота жолдамақ

Ислам Даму банкі басқарушыларының Кеңесі ҚР Елбасына ризашылық білдіріп нота жолдамақ

Ислам Даму банкі басқарушыларының Кеңесі ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдіріп нота жолдамақ. Мұндай шешім Ислам Даму банкі басқарушылары Кеңесінің Алматыда өткен 28-отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.

  • 3 Қыркүйек 2003
  • 476
Фото - Caravan.kz

Қабылданған резолюция мәтінінде атап көрсетілгеніндей, Ислам Даму банкі басқарушыларының Кеңесі ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «өткен кездесуге үлкен құрмет көрсетіп патронаждық жасағаны үшін риясыз көңілмен ризашылық білдіреді».

Кеңес сондай-ақ, бұл резолюцияда кездесуге қатысушыларды жылы шыраймен қабыл алып, жомарттық пиғылмен қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан халқы мен үкіметіне де ілтипат білдірді. Сондай-ақ, негізгі форум мен оған ілесе жүргізілген бас қосулардың жұмысына қолайлы жағдай жасап зор еңбек жұмсағаны үшін еліміздегі барлық ұйымдар мен мекемелерге де алғыс айтылған.
Ислам даму банкі басқарушылары кеңесінің жыл сайынғы 28-жиналысына дүниежүзінің 54 елінен 500-ден астам өкіл жиналды.

Соңғы жаңалықтар