Ислам даму банкі еліміздің ауыл шаруашылығын шағын несиелендіруге 10 миллион доллар несие береді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам даму банкі еліміздің ауыл шаруашылығын шағын несиелендіруге 10 миллион доллар несие береді

Ислам даму банкі еліміздің ауыл шаруашылығын шағын несиелендіруге 10 миллион доллар несие береді

Бүгін елордада Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ мен Ислам даму банкі арасында ауыл шаруашылығын шағын несиелендіру бағдарламасына қатысу жөнінде несие және техникалық көмек гранты туралы келісімдерге қол қойды.

  • 8 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

Құжатты Ислам даму банкі тарапынан аталған қаржы ұйымының президенті доктор Ахмад Мұхаммад Али, ал Қазақстан тарапынан «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқармасының төрағасы Гүлназ Атамқұлова рәсімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың атап өтуінше, ИДБ-ның 10 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржысы еліміздің ауыл шаруашылығын шағын несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға тартылып отыр. Оның комиссиялық сыйақысы жылына 2 пайыздан аспайды.

Бұл қаржыны «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты және кедейліктің деңгейін төмендету мақсатында фермерлікті дамыту үшін жұмсайтын болады.

Соңғы жаңалықтар