Ислам Даму банкі ғылым және технологиялар саласындағы жетістіктері үшін Қазақстанға тұңғыш рет 100 мың доллардың сыйлығын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Даму банкі ғылым және технологиялар саласындағы жетістіктері үшін Қазақстанға тұңғыш рет 100 мың доллардың сыйлығын табыс етті

Ислам Даму банкі ғылым және технологиялар саласындағы жетістіктері үшін Қазақстанға тұңғыш рет 100 мың доллардың сыйлығын табыс етті

2004-жылдың қыркүйек айының 14 мен 15 күндері Иран Ислам Республикасының Тегеран қаласында Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің кезекті жыл сайынғы жиналысы өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 882
Фото - Caravan.kz

Жыл сайынғы жиналыс барысында ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары, Ислам Даму банкінің Қазақстандық басқарушысы міндетін атқарушы Болат Смағұлов Ислам Даму банкінің президенті, доктор Ахмад Мұхаммед Әлимен және Египет Араб Республикасының жоспарлау министрімен кездесті.

Бұл кездесулер аясында Қазақстан мен Ислам Даму банкі арасында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі қамтамасыз ету мәселелері мен Қазақстанда астық өндіретін және оны Египетке экспорттайтын бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі Египет жағының ұсынысы талқыланды.
Жыл сайынғы жиналыс шеңберіндегі ең бір елеулі оқиғалардың бірі — Ислам даму банкі атынан ғылым және технологиялар саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан, Сауд Арабиясы Корольдігі мен Пәкістан Ислам Республикасына 100 мың доллардың сыйлығын табыс ету болды.
Қазақстан жағынан бұл сыйлыққа Физиология, генетика және өсімдіктер биоинженериясы институты лайық деп танылған. «Ислам Даму банкі Қазақстанға тұңғыш рет осындай сыйлық табыс етіп отыр. Бұл оқиға Қазақстандағы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін халықаралық деңгейде мойындаудың, Ислам Даму банкі атынан берілген жоғары бағаның айғағы болумен бірге Қазақстанның 2003-2015-жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясында алға қойылған басты мақсаттарға қол жеткізуге қосқан белгілі бір үлес болмақ»,- деді Қазақстанның Ирандағы елшісі Сәбит Тайыров.
Жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар меморандумдар мен резолюциялар мақұлданып, қол қойылды.

Перейти к новостям спорта