"Ислам деген атыңнан садаға кеткір": Абай Бегейдің әйелі оқырманын қарғады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ислам деген атыңнан садаға кеткір": Абай Бегейдің әйелі оқырманын қарғады

"Ислам деген атыңнан садаға кеткір": Абай Бегейдің әйелі оқырманын қарғады

Әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова оқырманына өте ауыр сөздер айтып, қарғады. 

  • 3 Шiлде 2023
  • 18130
Фото - Caravan.kz

Қарғыс алған оқырман ашулана қоймаған сыңайлы, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Әншінің жары қазіргі таңда блогер. 110 мыңға жуық оқырманы бар Фариза Жұманова отбасылық өмірінен әрдайым хабардар етіп отырады. 

Блогердің оқырманы "орамалды тақуа болмай, дұрыстап тақсай", деп киген киіміне пікір білдіреді.  

Оған бұрқан-талқан болған Жұманова "Ислам деген атыңнан садаға кеткір. Еркекпін дейсің. Мазақ болмай, құры", деп ашумен жауап қайтарды.