Жалпы, ислам мәдениеті мен дінінің қалыптасуы мен таралуы кең түрде әлемдік тарих кеңістігінде, діни кеңістікте, мәдени контекстінде, саяси контекстінде жүйелі түрде талданған. Алайда, отандық тарих ғылымында бұл мәселелер енді ғана жандану үстінде, осыған орай отандық тарихшы – философ, дінтанушы ғалымдар: Нұртазина Н. Д., Н. Атығаев., М. Бұлұтай, З. Жандарбек, Дербісәлі Әбсаттар қажы, Кұрбанғали Халид және т.б. Ислам ықпалы, таралуы мәселесіне қатысты жан-жақты зерттеулер жүргізген болатын. Осының ішінде әлі күнге дейін «исламның Моғолстанға әсер етуі мәселесі» лайықты деңгейді зерттеуді қажет етіп отыр. Себебі, көпшілік ғалымдардың ислам діні біздің территорияға енуі, әсіресе Алтын Орда ханы Өзбек (Мұхаммед) кезіндегі мәселелерге көп көңіл аударылып, тіпті популизацияның әсеріне душар болған. Алайда, тура сол Өзбек хан кезімен тұспа-тұс парарельді түрде Моғолстан ханы Тоғылық-Темірдің 1348 жылы ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялауында ескеру қажет. Осы ислам дінді неге Тоғылық-Темір Өзбек ханнан кейін қабылдады? Мүмкін, ислам діні ол заманда белгілі бір дәрежеде өзіндік саяси-мәдени тренд болса, және ең маңыздысы бүкіл халықты бір идеологияға шоғырландырудағы керемет жүйе болды.Оның үстіне исламның қағидаттары, түркі-моңғолдық дәстүрге біршама қарама-қайшылық болмады. Енді тек осыны ресми түрде жариялануы ғана тұрақты түрде Моғолстанның негізгі тірегіне айналдырады. Осыған орай, жеке көзқарасымыз бойынша дәл осы ислам діні Моғолстанның ұзақ уақыт көркеюіне, және келешекте Қазақ хандығының қалыптасуына қолайлы діни-мәдени жағдай жасап берді.
XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген.
Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған.
Ислам мәдениеті, діні таралуынада тікелей себепкер болған Моғолстанның келесі билеушісі Хизр-Ходжа-хан моғолдар арасында ислам діні одан әрі таралды. Ол бір кездері «Тоғылық-Темірдің қабылдаған ислам нормаларын ұстанатын хан болды»,-делінген «Тарих-и Рашиди» бойынша. Хизр-Хожа-хан тұтқындаған Тимурмен Бейбітшілік және бөлек құрылған қуатты Дуглат әмірі Камар ад-Диннің қайтыс болуы мемлекет ішіндегі тыныштықты қалпына келтіруге ықпал етті. «Тарих-и Рашиди» авторы көрсетуінше Хизр-Ходжа-ханның билікке келуімен "Моғолстанның істері гүлдене бастады" деп жазады. Моғолстанның жаңа ханы өз иеліктерінде исламның таралуына көп күш жұмсады. М. Х. Дулати «Тарих-и Рашиди» дерегін қарастыруда Н. Атығаев, В. П. Юдин, В. В. Бартольд зерттеулеріне сілтеме бере отырып: «Хан өзінің билігі кезінде Қытаймен қасиетті соғыс» жүргізді.Хан өзі ол жере қасиетті соғыспен барып, онда жеңіске жетіп, сол жерде исламды таратты, сондықтан қазір сол жерлер исламның мекені, ал Қашқардан кейінгі территориялар моғол хандарының иелігінде болды. Бұдан біз моғолдарының гео-саяси бағыттары мен іс-әрекеттерінің тікелей ислам дінімен байланысты екенін көріп отырмыз. Тіпті, Моғолстанның тек гео-саяси тұрғыда ғана емес, сонымен бірге жергілікті этникалық құрамға, сәйкесінше этникалық құрамнан, ішкі саяси, мәдени жағдайға исламның ықпалы зор болып отыр. Мәселен, Жетісудағы мұсылман миссионерлерінің ықпалы бұдан әрі Ходжа мен сейидтердің саяси басқаруға келу ұмтылысы ретінде жалғасты деген болжам жасауға болады. Кұрбанғали Халидтің сөзінше Қашғарияның тарихын таныстыра отырып, Ілияс Қожаның Тамерланмен қақтығыстары туралы оқиғаларды сипаттайды. Ол былай деп жазады: «Тоғылық Темірдің өлімінен кейін Ілияс Ходжа мен ақсақ Темір арасындағы қарым-қатынас салқын болды». Бұл Ілияс қожаны Самарқандтан Қашқарияға қашуға мәжбүр етті, бірақ Ақсақ Темір оны қуып жетіп, оны өлтірді. Тоғылық – Темірдің қызына үйленіп "гураган" деп атаққа иеленіп Әмір Темір «күйеу баласы» деген лақап атқа ие болы. А.Гафуровтың сөзіне қарағанда: «1266 жылы Шағатайидтердің алғашқысы болған Мүбарак Шах тан бастап олар (Шағатай ұлысы) XIV ғасырда мұсылман болып, сейидтер мен ходжалардың қыздарына үйленді. Келесі ұрпақтары Шағатайидтер пайғамбар мен әділ халифтердің ұрпақтары болып саналды және сонымен бірге Шыңғыс ханның шығу тегін сақтап қалды» деген тұжырымынан, біз исламизациясының жүргізілуі әлдеқайда терең әрі, ертерек болғандығы тек таралып қана қоймай өзара тығыз интеграциялық жолмен дамыды. Бұған қатысты, Құрбанғали Халид айтуынша, Тоғылық-Темірдің ұлы болған Ілияс Қожа Шыңғыс ұрпағынан, ал анасы Ходжа (Қожа) болуы өзі, Моғолстанда ислам діні негізгі тірегі болып саналды.
Кәрібаев Б. Б.
ҚР ҰҒА академигі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры
Исахов Е. А.
Тарих, Археология және этнология факультетінің
«7М02210» – мамандығының 2 курс магистранты