Ислам экстремистері Мүбаракқа 12 рет қастандық жасағандарын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам экстремистері Мүбаракқа 12 рет қастандық жасағандарын мойындады

Ислам экстремистері Мүбаракқа 12 рет қастандық жасағандарын мойындады

«Әл-Гамаа әл-Исламия» ислам экстремистік тобы Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарактың өміріне қарсы 12 рет қастандық жасады.

  • 15 Маусым 2011
  • 390
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта топтың Йемендегі өкілі болып табылатын белсенді мүшесі Али аш-Шариф «Ар-Рай аль-Амм» кувейттік басылым беттеріне осындай мәлімдемесімен шықты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Аш-Шарифтің айтуынша, Мүбаракқа қарсы соңғы қастандық 1995 жылы Аддис-Абебте Мысыр президентінің Эфиопияға ресми сапарымен келген кезінде әзірленген.

«Бұрынғы президенттің көзін құрту үшін» фундаменталисшілердің бірнеше себебі болғаны анық, солардың ішіндегі ең негізгісі, аш-Шарифтің пікірінше, египеттік арнайы жасақ қызметкерлерінің тұтқынға түскен топ мүшелерінің әйелдерін соққыға жығып, зорлық көрсетуі. Осындай әрекетімен египеттік басқарушы ислам оппозициясын түп-тамырымен жұлып алмақшы болды, алайда, керісінше, «жеккөрініш пен кек алу» ниетін тудырды. Соның нәтижесінде 90-жылдары фундаменталисшілер «өз тәсілін өзгертіп», билікке саяси күрес арқылы қол жеткізу бағытына түсті.