Ислам елдерінің шағын және орта бизнесін қолдау үшін ИДБ жанынан арнайы қор құру керек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам елдерінің шағын және орта бизнесін қолдау үшін ИДБ жанынан арнайы қор құру керек

Ислам елдерінің шағын және орта бизнесін қолдау үшін ИДБ жанынан арнайы қор құру керек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ислам әлемі елдерінің кәсіпкерлерін қолдау үшін Ислам даму банкінің жанынан арнайы қор құруды ұсынады.

  • 8 Маусым 2011
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында дүниежүзілік исламдық экономикалық форумның арнайы жұмыс тобын құрып, оның алаңында Ислам даму банкінің жанынан шағын және орта бизнестің арнайы қорын құру мәселесін талқылауды ұсынамын», — деді президент сәрсенбі күні VII ДИЭФ ашылуында.

Оның айтуынша, Қазақстан исламдық қаржыландыру құралдарын тартуда ислам елдерімен ынтымақтасуға дайын. «Сарапшылардың бағалауынша, алдағы жылдары Қазақстанға исламдық инвестициялардың өсу әлеуеті 10 миллиардтан басталады», — деді президент.

Бұрын хабарланғандай, 8 маусымда ҚР президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзілік исламдық экономикалық қор өз жұмысын бастады.

Күн тәртібінде мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілерінің сөз сөйлеуі жоспарланған. Атап айтқанда, форумға қатысушылар Н. Назарбаевтың, ДИЭФ төрағасы Тун Муса Хитаманың, Джибути Республикасының президенті Исмаил Омар Геленің, Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разатыңа, Бахрейннің премьер-министрі, ханзадасы Халиф бин Салман Әл Халифтің, Тәжікстан премьер-министрі Акил Акиловтың, Индонезияның вице-президенті Боединоның және ислам даму банкінің президенті Ахмед Мохамед Әли Әл Маданидің баяндамаларын тыңдайды.

Форумның жұмысына Ирак пен Қырғызстанның вице-премьерлері Руза Нури Шауис пен Омурбек Бабанов, Ливанның, Пәкістанның, Малайзияның, Нидерландының экс-премьерлері Фуад Синиора, Шаукат Әзиз, Абдулла Ахмад Бадави, Вим Кок, Сауыд Арабстаны мен Иорданияның қаржы министрлері, БАӘ, Түркменстан және Әзербайжанның экономика министрлері қатысады.

Түстен кейін «Кәсіпкерлік даму құралы ретінде: табысқа қол жеткізудің жол картасы» және «Дамушы елдердегі исламдық банкиг пен қаржы: мүмкіндіктерді пайдалану, үндеулерге қарсы тұру» деген тақырыптарда 2 параллель пленарлық отырыс өтеді.

ДИЭФ – ИКҰ-ға мүше-мемлекеттердің жыл сайын өтетін басты экономикалық саммиті, былайша айтқанда, «Исламдық Давос».

Соңғы жаңалықтар