Ислам Кәрімовке арналған құдайы тамақты өткізуге жұрттан жылу жиналған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Кәрімовке арналған құдайы тамақты өткізуге жұрттан жылу жиналған

Ислам Кәрімовке арналған құдайы тамақты өткізуге жұрттан жылу жиналған

Ислам Кәрімовтің қазасынан кейін өзбектер көзі тірісінде елді темірдей уысында ұстаған президенттерін еске алып, құран оқыды. Бірақ «құдайы тамақ» аталатын бұл шараны өткізудің салмағы орта тап өкілдері мен кәсіпорындарға түскен.

  • 8 Қыркүйек 2016
  • 1036
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан халқы президент Ислам Кәрімовтың қазасына қайғырып жатқанда бүкіл елдегі мейрамханалар «құдайы» деп аталатын дәстүрлі шараны өткізді. Марқұмды еске алып, тегін тамақ үлестірді, деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

Бірақ қайтыс болғаны қыркүйектің 2-сі күні жарияланған Кәрімовтің құдайы тамағының шығынын өзбек азаматтары мен кәсіпорындар көтерген.

Аты-жөнін атамауды өтінген азамат Азаттықтың Өзбек қызметіне биліктің Ташкентте және Кәрімовтың туған қаласы Самарқанда берілген құдайы тамақтың шығынын жергілікті кәсіпорындар мен қатардағы азаматтарға төлеткенін айтады.

Самарқандағы бір мұғалім «Қалада жеке кәсіпкер көп. Қала әкімі президенттің асын өткізу шығынын көтеруді соларға міндеттеген. Оны жиһаз жасаумен айналысатын досымнан естідім» деді. Оның айтуынша, «қала аудандарының комитеттері қысым жасап, тұрғындардан шағын сома жинауды талап еткен».

«Қала басшысы «шамаларың келгенше садақа беріңдер» деді. Біреулер 10 мың сом (3,35 доллар), басқалар 100 мың сом (33 доллар) төледі» дейді ол. Өзбек дәстүрі бойынша құдайы тамақ палау (ет пен күріштен жасалған тағам), салат және нан мен шайдан тұрады.

Шара кезінде кем дегенде бір имам Құран оқиды және марқұм үшін жұрт дұға жасайды. Кәрімовке арналған құдайы тамақ қыркүйектің 5-і күні елдің барлық аймақтарында өтті. Ferghana.ru тәуелсіз сайты бір топ адамның мейрамханаға кіруге кезекте тұрған бейнебаянын жариялады.


Сайтта адамдардың қыркүйектің 5-і күні тегін таратылған құдайы тамаққа келгені баяндалған. «Палаудың ақшасын төлейтін баяғы бюджеттік қызметкерлер» дейді Ташкенттегі балабақша менеджері.

«Мәжбүрлеп ақша жинату президент тірі кезде де бар еді, ол өлген соң да жалғасып жатыр» дейді ол ренішпен. Кәрімовті аза тұту әлі аяқталған жоқ. Жергілікті дәстүрге сай құдайы тамақ марқұмның жетісі, қырқы сияқты өлімнің артын күту ғұрыптары кезінде де берілмек.