Өзбекстанның министрлер кабинеті президенттің жағдайы нашарлап кеткені туралы хабарлады. Оны бүгін ресми газеттер бірінше бетке жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
«Қымбатты отандастар, өткен күндері біздің президентіміздің жағдайы бірден нашарлап кеткенін қинала отырып хабарлаймыз. Дәрігерлердің айтуынша, бұл өте қиын жағдай» делінген хабарламада.
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов өткен сенбі күні миныа қан құйылып, ауруханаға түскен болатын.