Жарияланды: 20

Ислам Каримовтың үлкен қызына қатысты сот басталды

Ислам Каримовтың үлкен қызына қатысты сот басталды

Өзбекстанның бұрынғы президент Ислам Кәрімовтың үлкен қызы Гүлнәр Кәрімованың үстінен жаңа тағылған айыптар бойынша сот басталды.

Бұл туралы caravan.kz медиа порталы хабарлайды

Былтырғы жылдың тамыз айында Өзбекстанның Бас прокуратурасы мемлекетке тиесілі екі цемент зауытының акцияларын Кәрімова заңсыз сатып алып, ізінше шетелдік кәсіпкерлерге сатып жібергені туралы хабарлаған болатын.

2015 жылы Ташкент соты Кәрімованы салықтан жалтарғаны үшін "ұрлықпен бопсалау" дерегі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырған болатын.Артынша ол жемқорлық бабымен айыпталды. Ал 2017 жылы Өзбекстан Бас прокуратурасы қос қылмыс бойынша мемлекетке келтірілген зиян көлемін 2 миллиард долларға бағалап, сот Гүлнарға 10 жылға жаза кескен болатын. Былтырғы жылдың Наурыз айына дейін экс.президенттің қызын үй қамауында ұстап келді. Алайда ұстау ережелері бірнеше рет бұзылғанна кейін, сот оны жалпы режимдегі калонаға көшіруге шешім қабылдады. Қазіргі таңда ол Ташкент түрмесінде қаржы қылмысына байланысты жазасын өтеп жатыр. Ал күні кеше басталған сот жабық режимде өтуде.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін