Ислам конференциясы ұйымына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы басталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам конференциясы ұйымына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы басталмақ

Ислам конференциясы ұйымына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы басталмақ

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Ислам конференциясы ұйымына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы өз жұмысын бастайды.

  • 28 Маусым 2011
  • 378
Фото - Caravan.kz

Форумға қатысушылардың алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде.

Кеңес аясында сондай-ақ Ислам конференциясы ұйымының Бас хатшысы Екмеледдин Ихсаноғлы, Сыртқы істер министрлері кеңесінің 37-ші сессиясының төрағасы — Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи, азиялық, африкалық және араб топтарының өкілдері сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

Форум аясында Ұйымның Жарғысына және келісімдерге қол қойылады. Сессияның одан кейінгі жұмысы 28, 29 және 30 маусым күндері жабық форматта өтпек.

Бүгін сондай-ақ «Қазақстан» орталық концерт залында Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына қатысушылардың құрметіне Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар