«Ислам қаhарманы»: Шешен спортшылары Франциядағы мұғалімінің басын кесіп өлтірген ресейлікті қолдап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ислам қаhарманы»: Шешен спортшылары Франциядағы мұғалімінің басын кесіп өлтірген ресейлікті қолдап шықты

«Ислам қаhарманы»: Шешен спортшылары Франциядағы мұғалімінің басын кесіп өлтірген ресейлікті қолдап шықты

Ресейлік UFC жартылай орта салмақтағы Зелим Имадаев Instagram-да Париждің Конфланс-Сен-Онорин жанындағы мектептің мұғалімі Самуэль Патиді өлтірушіні «Ислам қаhарманы» деп жазды.

  • 19 Қазан 2020
  • 1210
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sports.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жантүршігерлік қылмысты 16 қазанда ұлты шешен болып табылатын 18 жастағы Ресей азаматы Абдулла Анзоров жасады. Анзоров Патидің басын кесіп тастады деген ақпарат бар.

Кісі өлтіруге Мұхаммед пайғамбар туралы карикатруа себеп болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұғалім оларды «сөз бостандығы» сабағында көрсеткен, бұл бірқатар мұсылмандардың ашу-ызасын тудырған.

Анзоров қылмыс орнынан қашып кетпек болған, бірақ оны полиция атып тастаған.

Сондай-ақ, , екі салмақ дәрежесінде бұрынғы ACB чемпионы Альберт Дураев та Франциядағы колледж оқытушысының басын кесіп өлтірген 18 жастағы Абдулак Анзоровтың әрекетін қолдады.

«Францияда сөз бостандығы өзінің бастауын жоғалтты», — деп жазды Дураев өзінің Instagram-дағы парақшасында, содан кейін жазбаны өшіріп тастады.