Ислам қаражаты Қазақстанның энергетика саласына салынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам қаражаты Қазақстанның энергетика саласына салынып отыр

Ислам қаражаты Қазақстанның энергетика саласына салынып отыр

Бүгін Астанада 7-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы аясында «Орталық Азия электрэнергетикалық корпорациясы» АҚ мен «CapAsia» исламдық инфрақұрылым қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумы рәсімделді.

  • 7 Маусым 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға Малайзияның премьер-министрі Наджиб Тун Абдулл Разақ қатысты.

Аталған құжатқа «Орталық Азия электрэнергетикалық корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов және «CapAsia» исламдық инфрақұрылым қоры жетекшісі Шри Назир Тун Абдулл Разақ қол қойды. Іс-шарадан кейін журналистерге сұхбат берген А.Клебанов атап көрсеткендей, бүгінде «CapAsia» исламдық инфрақұрылым қорының қаржысы алғаш рет Қазақстанның электрэнергетика саласына бағытталып отыр. «Еліміздегі энергетика инфрақұрылымының ескіріп қалғанына қарамастан, «CapAsia» қоры ислам қаражатын біздің энергетикамызды жаңғырту жұмысына қорықпай салып отыр. Оның да өзіндік себебі бар. Қазіргі кезде ел Үкіметі осы қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ететін барлық тетіктерді әзірлеп қойған. Сондықтан бүгін біз осындай ірі әріптеспен өзара тығыз байланыстарды орнатып отырмыз», — дейді А.Клебанов.

Соңғы жаңалықтар