Жарияланды: 390

Ислам ынтымақтастығы ұйымына енді Джибути төрағалық етпек

Ислам ынтымақтастығы ұйымына енді Джибути төрағалық етпек. Баб-Әл-Мандебск бұғазының жағасында өткен кезекті форумда Қазақстан ұйым төрағалығын осы елге ресми өткізіп берді. Қазақстан жетекшілік еткен бір жыл ішінде бірнеше халықаралық мәселенің басы шешілгенін айта кетейік. Соның бірі - Сомалиге көрсетілген көмек. 500 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы жиналып, осы елдегі аштықтан өзегі бұратылған халыққа азық-түлік таратылды. Тіпті ұйымның өзі атын өзгертті.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы- бұл мұсылман әлеміндегі ең беделді ұйымның бірі. Бір жыл көлемінде Қазақстан дәл осы құрылымы күшті ортаға жетікшілік етті. Шарт бойынша төрағалық тізгін биыл маусым айында аяқталуы тиіс еді. Бірақ мүше мемлекеттер бұл мерзімді қарашаның ортасына дейін созуды өтінді. Енді, міне сол мерзім де жетіп отыр.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Біздің төрағалық етудегі басты мақсатымыз – мұсылман елдері арасындағы құрылымды күшейту болды. Мүше елдер арасындағы жаңашылдықты арттыру, реформаны тиімді етіп өзгерту еді. Бір сөзбен айтқанда, барлығын 21 ғасырды талабына сай ету көзделді.

Шынында да, ғасыр талыбына сай өзгертетін шешімдер мен мәлелер аз емес. Себебі мұсылман елдері әлі де шешімі табылмаған мәселе, өзара қақтығыстар көп. Аштық, үздіксіз соғыстан көз ашпай жатқандары да бар әлі күнге дейін. Мәселен, ресми Астананың мұрындық болуымен өткен бір жарым жылдың ішінде 500 миллион доллардан астам қаражат жиналып, көмекке зәру мемлекет Сомалиге жіберілген. Ал енді Ислам ынтымақтастығы ұйымының бұл жұмысын Джибути Республикасы жалғастыруы тиіс. Бірақ Қазақстанға әлі де иек артылмақ. Форумда мүше елдердің шешімімен Астанада ұйымның сауда-саттық қауіпсіздігін басқаратын бөлімшесі ашылатын болды.

Хошияр Зебари, Ирак Сыртқы істер министрі:

- Қазақстанға құрмет көрсетуіміз керек. Мұсылмандар бір біріне көмектеспесе, кім қол ұшын созады бізге?! Қазір миллиондаған бауырларымыз аштық азабын тартуда.

Бұдан өзге маңызды мәселелер енді Джибутидің төрағалығымен өтетін саммитте шешімін таппақ. Айта кетелік, Джибути - Баб-Әл-Мандеб бұғазында орналасқан, 30 жыл Францияның құлдығында болған кішігірім мемлекет. Бірақ қазір тәуелсіз. Десе де әлі де алдыңғы қатарға шыға қойған жоқ. Себебі елдің 28 пайызын сіңірі шыққан кедейлер құраса, 3 пайызы СПИД-ке шалдыққандар. Тіпті форумға келген делигаттарға қонақ үй де жетіспеді. Сондықтан Қазақстанның атқарған жұмысын мұндағылар ұзақ уақыт ұмытпайтын тәрізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін