СІМ-нің ақпараты бойынша, кеңесшіні белгісіз біреулер атып кеткен. Жараланған Қазақстандық елшіні жеткізген аурухананың дәрігерлері 19-қаңтарда оның ахуалын аса ауыр деп бағалаған. Ал 20-қаңтар, таңертеңгі жағдаймен ҚР СІМ-іне С.Әубәкіровтың денсаулық ахуалы туралы тың ақпарат келіп түспеген.
«Бұл дерек бойынша Пәкістанның құқық қорғау мекемелері қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізе бастады»,- дейді сыртқы істер министрлігіндегілер.