Исламдық қаржыландыру принциптері бойынша жұмыс істейтін инвестициялық қор іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Исламдық қаржыландыру принциптері бойынша жұмыс істейтін инвестициялық қор іске қосылды

Исламдық қаржыландыру принциптері бойынша жұмыс істейтін инвестициялық қор іске қосылды

Исламдық қаржыландыру принципі бойынша жұмыс істейтін еліміздегі бірінші инвестициялық қор іске қосылды.

  • 8 Маусым 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін елордада Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында ұйымдастырылған брифингте «Fattah Finance» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Заратқазы Нұрпейісов айтты.

«Бүгін біз сіздермен исламдық қаржыландыру принциптері бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасындағы бірінші Инвестициялық қорды іске қосамыз. Қажылық қор дегеніміз не? Бұл қор біздің ақшамызды қарапайым адамдар қажылық жасауы үшін шоғырландырады. Сіздер мен біздің қаражатымыз исламдық қаржыландыру бойынша әлемдегі үздік мамандардың көмегімен қажылық инфрақұрылымды инвестициялау үшін жұмсалады. Қазақстан Абай заманындағыдай қасиетті қалаларда меншікті қонақүйіне ие болу мүмкіндігін алады. Біздің адамдар малайзиялық Қажылық қор сервисімен салыстыруға боларлықтай жоғары санатты қызмет көрсетуге қол жеткізеді», — деді Заратқазы Нұрпейісов.

Сондай-ақ қазіргі уақытта ислам дініне бет бұрған жастарымыздың көбейіп келе жатқандығын, бұл орайда исламның 5 парызының бірі қажылық жасау үшін Меккеге сапарлау қажеттігін айта келе: «Көптеген адамдар қажылыққа барғысы келеді, дегенмен олардың қазіргі уақытта мүмкіншіліктері жоқ. Олай болса, оң ниет етейік. Мен аға-інілерім мен апа-қарындастарымды Қазақстанның қажылық қорының көмегімен қаржы жинап, қажылыққа баруға шақырамын», деді ол.